Кәсіби шеберліктің республикалық конкурсының облыстық кезеңі басталды!

2025 жылғы 12–14 мамыр күндері аралығында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында кәсіби шеберліктің республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтуде.

Біздің колледжден 6 құзыреттілік бойынша оқытушылар қатысып, өздерінің кәсіби біліктілігі мен шеберлігін сынауда.

-IT саласы: «Web әзірлеу» құзыреттілігі бойынша қатысушы арнайы пән оқытушысы - Орынбасар Данияр Айдарбекұлы;

- IT саласы: «Алгоритмдік және жобалық бағдарламалау» құзыреттілігі бойынша қатысушы өндірістік оқыту шебері Баянов Сундет Берекетулы;

- Көлік ( автомобиль және теміржол) саласы: «Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару» құзыреттілігі бойынша қатысушы арнайы пән оқытушысы- Орынбеков Адылбек Ахметович;

- Білім беру саласы: «Жалпы пән» құзыреттілігі бойынша қатысушы жалпы пәндер оқытушысы Мектепова Жұлдызай Жоламанқызы;

- Спорт саласы «Дене шынықтыру және спорт» құзыреттілігі бойынша қатысушы дене шынықтыру пәні оқытушысы Бақтыбаев Бекжан Сұлтанғазыұлы қатысуда.

Байқау 3 күнге созылады және ұстаздарымыз үшін тәжірибе алмасуға, шеберлігін шыңдауға тамаша мүмкіндік.

Барлық қатысушыларға сәттілік, жоғары нәтиже және жарқын жеңіс тілейміз! 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz