ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жолдауында 2025 жыл – елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланып, қоғамның назарын осы маңызды мәселеге аударды. Өйткені, жұмысшы мамандықтары – экономиканың драйвері, ал осы мамандық иелері – елдің нағыз тірегі. Сонымен қатар, әр елдің бәсекеге қабілетті болуы қоғамдағы жұмысшы мамандардың кәсіби дағдысына және оларды сапалы даярлауға тікелей байланысты. Осы орайда бүгін «Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледж» басшысы Жұмағали Айнагүл Көшкінбайқызы мен оқу орнының персоналдары колледжің әлеуметтік серіктес мекемесі «КазАзот» АҚ бас директоры Маулешев Арман Ахметжановичпен кездесті. «КазАзот» - бұл аммиак және аммиак селитрасын Қазақстандық ұлттық өндірушісі және экспорттаушысы. Компанияның тарихы химиялық өндірістің дамуымен байланысты. «КазАзот» АҚ зауытының негізгі өнімдері аммиак, аммоний нитраты және басқа да тыңайтқыштар болып табылады. Компания Қазақстанда және шетелдерде нарыққа шығаратын өнімдерімен танымал. Кездесу мақсаты – «Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі» мен «КазАзот» АҚ арасындағы әлеуметтік серіктестікті нығайту және білім беру мен өндіріс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, жұмысшы кадрлар даярлаудағы мәселелер талқылау болып табылды.
Кездесуде тараптар колледж студенттерінің өндірістік тәжірибеден өтуі, жұмысқа орналастыру, кәсіби дайындық деңгейін арттыру, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің тағылымдамадан өту сұрақтары талқыланды. Сонымен қатар, колледж бен кәсіпорын арасындағы білім беру мен еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келіссөздер жүргізілді. Атап айтсақ, Ақтау өңірінде ірі зауыттың салынуы, зауытқа жұмысшы кадрлар даярлау жобасы, колледжге мақсатты оқыту нысаны бойынша білім алушыларды оқыту, шетелде тағылымдамадан өткізу, жұмысқа орналастыру.
Бұл кездесу – студенттердің кәсіпорынға қажетті дағдыларды игеруіне мүмкіндік беру, сондай-ақ колледждің білім беру сапасын арттыру мақсатында жүргізілген маңызды қадам болып табылады.
Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz