2025 жылдың 22 сәуірінде колледжімізде «Manul Technologies» ЖШС техникалық директоры Султабаев Архат Маратұлы студенттермен кездесіп, технология саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу барысында Архат мырза компанияның негізгі бағыттары, қазіргі таңда жүзеге асырып жатқан жобалары және ІТ саласындағы заманауи трендтер туралы кеңінен әңгімеледі. «Manul Technologies» ЖШС – бағдарламалық қамтамасыз ету, бизнеске арналған ІТ-шешімдер, жасанды интеллект пен автоматтандыру бағыттарында жұмыс істейтін заманауи отандық компания.
Студенттерге келесі бағыттар бойынша пайдалы ақпарат ұсынылды:
• Ақпараттық технологиялар саласындағы сұранысқа ие мамандықтар;
• Жас ІТ-мамандарға арналған тағылымдама және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері;
• Стартап жобалармен жұмыс істеу ерекшеліктері;
• Бағдарламалау, киберқауіпсіздік және инновациялық өнімдерді жасау жолдары.
Кездесу интерактивті форматта өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті маманнан нақты жауаптар алды. Архат Маратұлы жастарды білім мен тәжірибені ұштастырып, үздіксіз даму жолында табанды болуға шақырды. Болашақта екі жақтық келісм шарт жасау сұрақтары талқыланды. Бұл кездесу студенттердің кәсіби бағдарын нақтылауға, ІТ саласына деген қызығушылықтарын арттыруға зор ықпал етті.